Мекен-жайШымкент қаласы, Рашидов көшесі, 36
Хабарласу+7 7252 50 34 74

Өндірістік тәжірибе

Шымкент көпсалалы колледжінің өндірістік тәжірибе жұмысы

Өндірістік жұмыстың негізгі міндеттері:

  • білім беру стандарттарына сай,кәсіби біліктілігі жоғары,бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
  • кәсіби тәжірибенің барлық деңгейлерінде студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастыру және нығайту үшін медициналық ұйымдармен жұмыс жүргізу
  • студенттерді дайындауда сапаны арттыру мақсатында инновациялық технологияларын қолдану
  • бітірушілерді жұмыспен қамыту мақсатында аймақтық ұйымдарында медициналық кадрлардың қажеттілігін зерттеу.

Қазақстан Республикасының медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша құрастырылған оқу бағдарламасы және медициналық колледждерде кәсіптік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу ережесіне сай тәжірибелік оқыту ұйымдастырылады, жоспарланады және өткізіледі.
Өндірістік және кәсіптік тәжірибелерді өтуді қамтамасыз ету мақсатында колледж 45 медициналық ұйымдармен келісім-шарт құрды. Келісім-шартта денсаулық сақтау саласында қызмет атқаратын болашақ мамандарды дайындаудағы жұмыстың мазмұны, талабы, түрі көрсетілген.

Колледжде тәжірибелік сабақтар жабдықталған кабинеттерде, фармацевтикалық зертханада, стомотологиялық кабинеттерде жүргізіледі. Колледждегі оқу кабинеттері мен лабораториялар, техникалық оқу құралдарымен, оқу-әдістемелік құралдармен жабдықталған.

Сондай-ақ, бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жұмыспен қамту орталықтармен, медициналық ұйымдармен байланыстамыз. Колледж қарамағында «Долана-бұлақ» медициналық орталығы жұмыс істейді.Онда студенттердің базалық,арнайы,кәсіби құзіреттілігін нығайту үшін жабдықталған.Колледж студенттері теориялық білімімен қатар кәсіби шеберлік пен іскерлік дағдыларды тәжірибе жүзінде медициналық орталықта жан-жақты меңгере алады.Мұнда білікті мамандар студенттердің кәсіби білім алуына барынша жағдай жасайды.

Шымкент көпсалалы колледжінде жыл сайын халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, кәсиби сайыстар, түлектермен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Осындай іс-шараларды ұйымдастыру студенттердің жауапкершілігін және кәсіптілігін арттыруға ықпал етеді.Бітіруші түлектер арасында «Үздік маман» сайысы жыл сайын өткізіліп отырылады.