Мекен-жайШымкент қаласы, Рашидов көшесі, 36
Хабарласу+7 7252 50 34 74

Бөлімдер

«Емдеу ісі» бөлімі

Шымкент көпсалалы колледжінде 2012 жылдан бері «Емдеу ісі» мамандығы бойынша қазақ және орыс тілінде оқыту жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі енгізілді. Білім алушылар осы базалық модульда білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімін оқиды.

Қазақ және орыс бөлімінде 4S09120101- «Фельдшер» біліктілігі оқытылады. Қазіргі таңда «Емдеу ісі» мамандығында 9 және 11 сыныптардан кейін келген оқушыларды қабылдап «Фельдшер» біліктілігі беріледі.

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында (9 сынып); 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11сынып).

Біліктілік бойынша кәсіптік қызмет аясы:

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдері меңгеруді көздейді.

  • Ауруханада, емханада, дәрігерлік амбулаторияда (ДА), фельдшерлік-акушериялық пункттерде (ФАП), медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әр түрлі жас аралықтардағы науқастарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетуге қатысу;
  • Жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
  • Медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
  • Эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрету;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, тәсілдерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
  • Науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;
  • Науқастармен және олардың жанұяларымен бірігіп жұмыс жасау, науқастың құқығын сақтау және әр түрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөніндегі шараларды жүргізу;
  • Науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) жөніндегі және осы ықпалдардың денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақтар бойынша тұрғындарға кеңес беру;
  • Әр жас кезеңдегі науқасты және оның жанұясын денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқыту, күтім көрсету;
  • Ерте жастағы балаларды тамақтандыру (емшек сүтімен, қосымша), психоәлеуметтік дамуы, шынықтыру, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке, кәсіптік бейімдеу мәселелері бойынша кеңестер жүргізу;
  • Әр жас кезеңдегі балалардың нервтік-психикалық дамуы, иммунопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;
  • Қазіргі тәсілдерді қолдана отырып диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай-ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын алуды жүзеге асыру;
  • Алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу;
  • Қызметтестермен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;
  • Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау

Клиникаға дейінгі тәжірибені студенттер колледждегі кабинеттерде өтеді. Соңғы жылдары арнайы пәндердің кабинеттері қазіргі заманғы құралдармен, симуляторлармен және тренажерлармен жабдықталды. Студенттер үшін колледждің симуляциялық орталығында мастер-класстар өткізіліп тұрады. Студенттерге сапалы білім беру үшін «Ішкі аурулар пропедевтикасы», «Терапиядағы шұғыл медициналық көмек», «Педиатриядағы шұғыл медициналық көмек», «Медициналық әлеуметік оңалту» т.б кабинеттері жабдықталған.

Колледждің басты әлеумекттік серіктестігі «Долана-Бұлақ» медициналық орталығында студенттерге білім беру стандартына сай білім беру бағдарламаларын терең меңгеру мақсатында «Геронтология», «Инфекциялық аурулар», «Эпидемиялогия негіздері» арнайы кабинеттері жабдықталған.

«Гиппократ» Республикалық олимпиадасына қатысып, жүлделі орындар алғаны үшін колледж студенттері марапатталды.

Колледж студенттері «Алғашқы әскери дайындық» пәні аясында, шұғыл көмек көрсету үстінде.

«Мейірбике ісі және жалпы медицина» бөлімі

Бөлімде жалпы 5 мамандық бойынша 2060 оқушы білім алады. Атап айтсақ, 09130100«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша – 1265, 09130200«Акушер ісі» мамандығы бойынша – 86, 09110100«Стоматология» мамандығы бойынша – 347, 09160100«Фармация» мамандығы бойынша – 329, 09140100«Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша - 33.

Шымкент көпсалалы колледжінде 2012 жылдан бері «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қазақ және орыс бөлімдеріне оқыту жүзеге асырылып келеді.

Сонымен қатар 2019 жылдан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай модульдік білім беру бағдарламаларын меңгеру негізінде оқу процесін ұйымдастыру тәсілі енгізілді. Білім алушылар осы базалық модульда білім беру бағдарламасының тәуелсіз, өзіндік жеткілікті және толық бөлімін оқиды.

Қазақ және орыс бөлімінде 0302043- «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі оқытылады. Қазіргі таңда «Мейіргер ісі» мамандығында 9 және 11 сыныптардан кейін келген оқушыларды қабылдап «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі беріледі

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында (9 сынып);
2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11 сынып).

Біліктілік бойынша кәсіптік қызмет аясы:

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдері меңгеруді көздейді

  • Сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды;
  • Мейіргерлік көмек көрсету үрдісінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді;
  • Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды;
  • Емхана және аурухана түріндегі емдеу-профилактикалық мекемелерінде, ғылыми зерттеу институттарында, санаторлы-курорттық мекемелерде, мектепке дейінгі балалар және білім беру мекемелерінде, сонымен қатар басқа да әлеуметтік қызмет көрсету аясындағы мекемелерде балалар мен ересек тұрғындарға қызмет ете алады;
  • Стандарттарға, дәлелді білімге және клиникалық дағдылардың кең спектріне сәйкес қауіпсіз күтім жасайды, зиянды факторлардың әсерінен адамдарды қорғаудың заманауи технологиялары мен тиімді әдістерін пайдаланады, қауіпсіз фармакотерапияны жүзеге асырады;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау және алдын алу жұмыстарын жүргізеді;
  • Медициналық мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қадағалау; науқастарға және күтімге мұқтаж жандарға күтім көрсетеді; өзінің құзіреттілік шегінде науқастарға қарапайым емшараларды жүргізіп; медициналық мекемелерде зарарсыздандыру құралдарымен жұмыс істейді;
  • Клиникалық шешім қабылдау үшін орынды медициналық ақпаратты пайдаланады;
  • Оңалту және сауықтыру тәсілін қолдана отырып, пациенттердің функционалдық қабілеттерін бағалайды және жақсартуға ықпал етеді;
  • Білімді көрсетеді және дәлелді мейіргерлік практика принциптеріне негізделген пациент-орталықтанған мейіргерлік үрдісті жүзеге асырады.
  • Зертханалық, функционалдық, аспаптық әдістермен зерттеуге науқасты дайындайды және т.б.

Колледжімізде «Мейіргер ісі» мамандығына сапалы білім беру үшін «Мейіргер ісінің негіздері», «Мейіргерлік істегі қауіпсіздік және сапа», «Акушерия және гинекологиядағы мейіргер ісі», «Пациенттің жағдайын клиникалық бағалау» т.б. оқу кабинеттері жабдықталған.

Білім беру стандартына сай білім беру бағдарламаларын терең меңгеру мақсатында колледждің басты әлеумекттік серіктестігі «Долана-Бұлақ» медициналық орталығында «Геронтологиялық мейіргерлік күтім», «Паллиативтік көмек және онкология» арнайы кабинеттері жабдықталған.

23 -26 мамыр 2022 ж. аралығында Шымкент көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы А.Тажибаеваның жетекшілігімен «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі шеңберінде алғашқы рет WorldSkills Shymkent-2022 аймақтық чемпионатына «Мейіргер ісі» мамандығының 4 курс студенті Жақсыбек Диана қатысып, ІІІ орынды иеленді.

09130200 «Акушер ісі» мамандығы

4S09130201 «Акушер» біліктілігі

Оқытудың нормативтік мерзімі 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11 сынып).

Білім берудің модульдік –кредиттік технологиясында білім алушылардың оқыту деңгейі базалық және кәсіби құзіреттерді қалыптастыру үшін базалық және кәсіби модульдерді дамытуды көздейді.

Білім беру түрі – күндізгі

  • Жұмыста және өзін-өзі дамытуда ақпараттық компьютерлік технологияларды қолданады
  • Жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды.
  • Пациентке / клиентке және оның отбасына денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша кеңес беру дағдыларын меңгерген.
  • Жүкті әйелдерді диспансерлеуді және патронаждауды жүзеге асырады, босануға физиопсихопрофилактикалық дайындық жүргізеді;
  • Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде емдеу-диагностикалық көмекті жүзеге асырады, босану кезінде акушерлік көмек көрсетеді;
  • Жаңа туған нәрестенің алғашқы дәретханасын жүзеге асырады, оның жай-күйінің динамикасын бағалайды және бақылайды, жаңа туған нәрестелерге күтім жасауға үйретуде көмек көрсетеді;
  • Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша, пациенттерді алдын алу, диагностикалау, емдеу және оңалту бойынша акушерлік тактика алгоритмін қолданады;
  • Аурулар мен қиын жағдайларда қарқынды терапия мен реанимацияның қазіргі заманғы әдістерін қолданады;
  • Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілік заттарды қолданады.

Болашақ акушер мамандарды сапалы дайындау мақсатында «Акушерия және гинекология», «Акушерия және гинекологиядағы мейіргер ісі», «Репродуктивті денсаулық және ана болу қауіпсіздігі» т.б. оқу кабинеттері жабдықталған

09110100 «Стоматология» мамандығы

4S09110102 «Дантист» біліктілігі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында (9 сынып); 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11 сынып).

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдерді көздейді;

Оқу түрі: күндізгі

  • Қиын жағдайларда мәселелерді және әлеуетті шешу жолдарын анықтайды, фактілерді, пайымдауларды қисынды талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.
  • Қоғамдық өмірге белсенді қатысады, қоғамда дантистердің рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтары адамдармен өзара іс-қимыл кезінде төзімділік танытады, субординация мен кәсіби ынтымақтастық сақтайды.
  • Кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік шараларын түсінеді, пациенттердің/клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде сыни бағалайды және шешімдер қабылдайды.
  • Жұмыс ортасының эстетикасын бағалайды және қолдайды, пациент үшін эстетикалық жайлылықты жасау және дүниетанымды байытуға үздіксіз ұмтылады.
  • Мәдениет, сенім, салт-дәстүр, өмір салты және түрлі тілдердегі дүниетаным бойынша ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.
  • Кәсіби мақсаттарда тиімді ақпарат алмасу үшін түрлі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланады.
  • Халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмысты реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды біледі және пайдаланады, салауатты өмір салтының ұлттық және халықаралық стратегиялық бағдарламаларының әдістері мен технологияларын меңгерген.
  • Созылмалы және әлеуметтік-маңызды аурулары бар пациенттерді диспансерлік бақылауды жүзеге асырады.
  • Пациенттердің қажеттілігін анықтайды, пациент-орталықтанған жоспарды жасайды және енгізеді, күтім нәтижелерін құжаттайды және бағалайды.
  • Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сабақты жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар жүргізеді.

Мамандық ашылғаннан бері 129 оқушы дантист біліктілігімен бітіріп шықты.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Сабақты жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар жүргізеді.

Оқушылардың тәжірибелік сабақтарын сапалы өткізу мақсатында «Алынбайтын протезді даярлау технологиясы», «Көпір тәрізді протездерді жасау техникасы», «Жартылай алмалы-салмалы пластина протездерін жасау техникасы», «Жақ-бет аймағының одонтогенді қабыну аурулары», «Металды-керамикалық протезді даярлау технологиясы», «Толық алынбалы пластина протезін жасау техникасы» оқу кабинеттері жабдықталған.

09160100 «Фармация» мамандығы

4S09160101 «Фармацевт» біліктілігі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11 сынып).

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдері меңгеруді көздейді:

Оқу түрі: күндізгі

  • Дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментінің тауарларын көтерме және бөлшек саудада өткізу, дәріхананың немесе дәріхана қоймасының бөлімдеріне басшылық жасау және ұйымдастыру дағдыларын көрсетеді
  • Қоғамдық өмірге белсенді қатысады, қоғамда дантистердің рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтары адамдармен өзара іс-қимыл кезінде төзімділік танытады, субординация мен кәсіби ынтымақтастық сақтайды.
  • Дәрілік препараттарды дайындайды және босатады, олардың сапасын бақылауды жүзеге асырады
  • Құзыреті шегінде фармацевтикалық қызмет саласындағы негізгі күрделілік санатының практикалық міндеттерін дербес шешеді, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін талдайды, ағымдағы және қорытынды бақылауды, бағалауды және түзетуді жүргізеді
  • Ұжым мен командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативтік дағдылар кешенін меңгерген, әріптестерімен, басшылықпен, тұтынушылармен тиімді қарым-қатынас жасайды.
  • Салауатты өмір салтын жүргізеді және насихаттайды, денсаулықты нығайту, өмірлік және кәсіби мақсаттарға жету үшін дене шынықтырумен және спортпен айналысады
  • Нормативтік-құқықтық базаның талаптарына сәйкес дәрілік заттарды, дәрілік өсімдік шикізатын және дәріхана ассортиментінің тауарларын қабылдауды, сақтауды ұйымдастырады
  • Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және дәріханалық ассортименттің басқа да тауарларын халыққа және медициналық ұйымдарға береді
  • Сауда залын ресімдеуге қатысады. Санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтайды.
  • Дәріхананың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады және жоғары фармацевтикалық білімі бар мамандар болмаған кезде дәріхана ұйымына басшылықты жүзеге асырады
  • Медициналық ұйымдарды дәріханада бар дәрілік заттар мен дәріхана ассортиментінің тауарлары туралы хабардар етеді
  • Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетеді.
  • Дәріханаішілік дайындамаларды дайындайды және кейіннен сату үшін дәрілік заттарды өлшейді

Фармация» мамандығы бойынша оқитын білім алушыларға колледжде Ғ.Оразбаева, М.Өмірәлі, оқытушылар жұмыс істейді. Олар фармакология, дәрілік қалыптар технологиясы, фармацевтикалық және аналитикалық химия, фармакогнозия, менеджмент және маркетинг негізіндегі фармация экономикасы мен ұйымдастырылуы, фармацевтикалық тауартану және т.б. пәндерін жүргізеді. Жоғары деңгейдегі оқытушылар білімгерлерге өз кәсібіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға және жоғары кәсіби жауапкершілікті түсінуге көмектеседі.

«Фармация» бөлімінің оқу базалары Шымкент қаласындағы рецепт өңдіріс бөлімдері бар ірі дәріханалар, сондай-ақ дәрі-дәрімектерді сақтау және сатумен айналысатын фармацевтикалық компаниялар болып табылады. Сол жерлерде колледж білімгерлері оқу жоспары бойынша белгіленген өңдірістік және дипломалды практикасын өтеді.

09140100 «Лабораториялық диагностика» мамандығы

4S09140101 «Медициналық лаборант» біліктілігі

Оқытудың нормативтік мерзімі: 3 жыл 10 ай негізгі орта білім базасында (9 сынып) 2 жыл 10 ай жалпы орта білім базасында (11 сынып).

Оқу түрі: күндізгі

Оқытудың кредиттік технологиясы кезінде білім алушылардың дайындық деңгейі базалық және кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру үшін базалық және кәсіптік модульдері меңгеруді көздейді:

  • Ақпаратты басқару, сыни ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдана отырып, өзінің оқу қажеттіліктерін мойындайды және оқу мақсатын қояды;
  • Өз қызметі барысында пациенттермен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларды ұстанатынын көрсетеді. Өз іс-әрекеттері мен жұмыс нәтижелері үшін жауапкершілік алады, сондай-ақ оң жұмыс жағдайын қолдайды;
  • Технологиялардың кең спектрін пайдалана отырып, әр түрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасай алады;
  • Санитарлық заңнаманың, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың, технологиялық жетістіктер мен кәсіби дағдылардың сақталуына жауапты;
  • Жүргізілген жалпы клиникалық зерттеулердің сапасына, өз жұмысының нәтижелеріне жауап береді;
  • Медициналық ұйымдардың зертханаларында еңбек қызметі үшін жұмыс орнын тиімді ұйымдастыруға қабілетті;
  • Зертханалық гистологиялық зерттеулер жүргізу;
  • Кәсіби саладағы табысты нәтижелі қызмет үшін өз әлеуетін (білім, білік, тәжірибе, жеке қасиеттері және т. б.) іске асыру қабілеті;
  • Қоршаған және өндірістік ортаның зертханалық мониторингі: өз іс-әрекеттерін жоспарланған нәтижелермен байланыстыра алады, нәтижелерге жету барысында өзінің кәсіби қызметін бақылауды жүзеге асырады;
  • Заманауи технологияларды пайдалану арқылы жақсарту: технологияларға қажеттілікті анықтайды, қызметтің тиімділігін арттыру үшін зерттеулердің қазіргі заманғы зертханалық әдістерін қолданады, жоспарлайды және енгізеді;
  • Пайдаланылған материалды кәдеге жаратуды, пайдаланылған зертханалық ыдыстарды, құрал-саймандарды, қорғаныс құралдарын дезинфекциялауды және стерилдеуді жүргізеді;
  • Пациенттің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін кәсіби этикалық қағидаттарға бейілділігін көрсетеді;
  • Микробиологиялық, вирусологиялық, санитариялық-гигиеналық, клиникалық-диагностикалық және биохимиялық анализдерді есепке алу, баға беру және нәтижелерін жазып беру;
  • Қазіргі заманғы барлық биологиялық материалдардың нақтамасын, дифференциалдық нақтамасын лабораториялық және аспаптық әдістерді пайдалана отырып іске асыру;

Бөлімде сабақтар оқыту-практикалық аудиторияларда, заманауи лабораториялық құралдарды қолдана отырып, өткізіледі: Микробиологиялық, (бактерологиялық), биохимиялық, санитарлы-гигиеналық, клиникалық лабораториялар.

«Лабораториялық диагностика» мамандығы бойынша жабдықталған оқу кабинеттерінде жаңаша заманауи технологиялық құралдар қолданылады:

Гематологиялық анализаторлар, спектофотометорлар, коагулолометрлер, зәр анализаторлары, тринокулярлы және бинокулярлы микроскоптар, қанның ақтүйіршіктерін санайтын электрлі счетчиктері, центрифугалар, электронды таразылар, жартылай автоматты биохимиялық анализаторлар, портотивті биохимиялық анализаторлары және глюкометрлері, муфель пештері және т.б.

23-26 мамыр 2022 ж. аралығында Шымкент көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Б.Сейдуалиеваның жетекшілігімен «Зертханалық медициналық талдау» құзыреттілігі шеңберінде алғашқы рет WorldSkills Shymkent-2022 аймақтық чемпионатына «Лаборатриялық диагностика» мамандығының 4 курс студенті Салдарбек Бейсенайым қатысып, ІІ орынды иеленді.